Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
Басты бет
Басқарма
Вайва Хэндриксон

Провост (бірінші проректор)

Вайва Хэндриксон
Ph.D докторы, Провост (бірінші проректор)

Вайва Хэндриксон,1970 жылы туған. 1995 жылы Вильнюсск университетінің медицина факультеті, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқуын бітіріп, дәрігер біліктілігін алды. 2008 жылы Миколас Ромерис Университетінде құқықтық биомедицина саласындағы магистр дәрежесін алды. Ал, 2003 жылы Вильнюсск университетінің медицина факультетінде «Артериалдық гипертензия: жүйке жүйесі және катион тасымалдауында алғашқы түзету механизмдеріне сараптама» тақырыбында диссертацияны қорғап, Ph.D докторы дәрежесін алды.

    1996-2003 жылдары аралығында Вильнюсск университетінің медицина факультеті физиология, биохимия және зертханалық медицина кафедрасының ассистенті, 2003-2007 жылдары кафедра лекторы, ал, 2007-2016 жылдары осы кафедраның доценті қызметтерін атқарды. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Вильнюсск университетінің медицина факультеті физиология, биохимия және зертханалық медицина кафедрасының профессоры, сондай-ақ халықаралық бағдарлама мен байланыс жөніндегі деканның орынбасары қызметін атқарды.

  Қызықтыратын ғылыми салалары – метаболикалық синдром, уронефролитиаз, нейрофизиология. Ғылыми қызметтері – адам физиологиясы, нейрофизиология. Шет тілдерін игеру деңгейі – ағылшын тілі С2, неміс тілі В2, орыс тілі С2.

Келесі кәсіби курстар бойынша білім алды: 1996 жылы Брудерхольца Базелья атындағы Кантонал ауруханасы (Швейцария), Эрнста-Морица-Арндта Университетінің Физиология институты, Грайфсвальд, Германия 1998ж., Физиология институты, Эрнст-Мориц-Арндтский университеті 2000ж., 2001ж., Медициналық білім беру және медицина саласын басқаруды ұйымдастыру Зальцбургск семинарлары бойынша, Австрия 2011ж., 2013ж., академиялық ағылшын тілі курсы. Шет тілдері институты, Вильнюсск университеті 2013ж.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде 2017 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің, 2016 жылы Тбилиси мемлекеттік медицина университетінің, Тбилиси Медицина Академиясының (2017ж.) штаттан тыс оқытушысы.

2009 жылдан бастап Литовск физиология қоғамдастығы мүшесі, 2009 жылдан бастап Литовск физиология зертханалық медицина қоғамдастығы мүшесі,   2013 жылдан бастап стандартизация жөніндегі Еуропалық комитеті мүшесі,   2014 жылдан бастап Литовск Нейроғылыми қауымдастығы мүшесі, 2014 жылдан бастап Федеративтік Еуропалық Нейроғылыми қоғамдастығы мүшесі НФЕҚ болып табылады. Медициналық білім берудің ашық медицина институтының (2011 жылдан бастап) және медицина саласын басқару ұйымының (2017 жылдан бастап) мүшесі болып табылады.

120 астам жариялым шыққан; оның ішінде 29 беделді рецензиялы журналдарда жарияланған (Index Copernicus, Scopus и Web of Science (Clarivate Analytics). Литваның мемлекеттік ғылыми-зерттеу қорымен, Литваның зерттеу кеңесі мен жетінші Еуропалық Комиссия бағдарламасынан қаржыландырылатын 5 ғылыми жобаның белсенді қатысушысы (үйлестіруші және жетекші ғылыми қызметкер ретінде).

2008 жылдан бастап Вильнюсск университетінде Erasmus + бағдарламасының акдемиялық үйлестірушісі. Вильнюсск университетінің Медицина факультеті кеңесінің мүшесі (2017 жылға дейін) және қазіргі таңда, Вильнюсск университетінің медицина факультетіндегі Медицина бойынша ғылыми бағдарламаларды әзірлеу жөніндегі комитеттің мүшесі болып табылады.


Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР электрондық үкіметі
ҚР денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ Стратегиялық жоспары
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Болашақ бағдарламасы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуро аймақтық бюро
Magna Charta Universitatum
International Research Journal for Medical students
Өз қаражатынды басқаруды үйрен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы
The cochrane library
Маманның білім деңгейін тексеру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен басым бағдарламалар
Болашақ
Евразиялық интеграция
Жастармен ұлтық онлайн-консультациялар
Қаржы орталығы
Springer
Ұлттық клиникалық хаттамалар
Малайзия Ұлттық Университеті
Конференция күнтізбесі
ҚММУ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН КҮЗЕТІ, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Образовательный кредит
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
ЕНПФ зейнетақы қоры
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Өтініштердің үлгілері
Сауалнама
Студенттік кәсіпкерлік