Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
Басты бет
Кәсіби даму
ҮКДФ Кафедралар
Нейрохирургия және невропатология кафедрасы

Нейрохирургия және невропатология кафедрасы

1d03ef5a2308e9403ad1545b139bdba6

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының біліктілікті жетілдіру

факультеті құрылып ашылғаннан бері мамандық біліктілігін жоғарылату,

«нейрохирургия» және «неврология» мамандарын қайта даярлау ашылды.

10 жылдың көлемінде кафедра м. ғ. д., жоғарғы санатты дәрігер, нейрохирург Тұрсынов Нұртас Исатайұлы жетекшілік етуде. Н. И. Тұрсынов  оқу – әдістемелік, ғылыми және клиникалық,  қоғамдық жұмыстарын қатар алып еңбек етуде. Оның  200-дей әр түрлі жақын және алыс шет елде ғылыми еңбектері, 8 оқу-әдістемелік, 5 монографиялық шығармалары баспаланған. Қолданысқа кірген 25  медициналық қолданыстар және шығармашылық патенттер клиникаларда жүзеге асуда.

74e059ad292cdcfc4ebcaa912bdc2cfb

Профессор Н. И. Тұрсынов Республикалық «Нейрохирургия и неврология Казахстана» журналының редұжым мүшесі. Қазақстандық нейрохиругтар Қауымдастығының Қарағанды облысының филиалының директоры. Н. И. Тұрсынов 1970 - 1976 жылдар аралығында Қарағанды Мемлекеттік медицина институтында жоғарғы білім алды. 1978 ж. 5 айлық Нейрохирургия мамандығы бойынша Алматы  (АГИУВ) мемлекеттік мамандарды білімін жетілдіру институтында бітіріп 1986 жылдан 2001 жылға дейін Жезқазған қаласында облыстық коп салалы  ауруханада нейрохирургия бөлім меңгерушісі болып қызмет етті.

2001 - 2002 жылдар аралығында Қарағанды қаласында Көп салалы медициналық – диагностикалық орталықта Нейрохирургия бөлім меңгерушісі. 2001 - 2007 жылдар аралығында Қарағанды медицина академиясында травматология, ортопедия және нейрохирургия курстарының доценті және неврология, нейрохирургия және шығыс медицинасы кафедрасында қызмет істеді. 2007 – 2009  ж ж.  Республикалық нейрохирургия орталығының директоры, ғылыми клиникалық жұмыс бойынша орынбасары және бас дәрігер қызметін атқарды.

2009 жылдың 20 қарашасынан ҚММУ резидентура және қосымша білім факультетінің неврология және нейрохирургия кафедра меңгерушісі.

Нейрохирургияның әр түрлі  саласы көлемінде  Поленов атындағы Ленинград ғылыми зерттеу институтында, Новокузнецкіде және Алматы ГИДУВ маман біліктілігін арттырудан өтті. Мәскеуде өткен 2006 ж. ғылыми симпозиуомдердің белсенді қатысушысы. 2005 ж. (шілде, желтоқсан айларында) Қарағанды қаласындағы мастер-кластың өткізілуіне атсалысты. Нейрохирургиялық ауруларды емдеу диагностикалық әдістерін толық меңгерген.

2012 ж. Казақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінң тапсырысы бойынша Инсульт ауруының алдын алу бағдарламасы бойынша «Өмір сүру үшін, инсультті бұрын біліп жүр» атты фильмі Н. И.Тұрсынов  қатысуымен түсірілді.

2009 - 2011 ж ж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі тапсырысы бойынша мидың тамыр жетіспеушілік  ауруларының диагностикасы және емдеу әдістемелерін жетілдіру бағдарламасын құрастырды.

2012 - 2014 ж ж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Спинальная хирургия (жота хирургиясы)» республикалық ғылыми бағдарламасын құрды.

- 1996 ж. Н. И. Тұрсынов ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мадақтама грамотасымен марапатталған.

- 1997 ж. Н. И. Тұрсынов ҚР Денсаулық сақтау министрлігіның «Үздік» мадақтау атағымен марапатталды.

- 2013 ж. Н. И. Тұрсынов  «Алтын дәрігер» куәлігімен және  төс белгісімен марапатталды.

- 2013 ж. Н. И. Қарағанды облысының әкімінің мадақтама граматосымен марапатталды.

- 2014 ж.  Н. И. Тұрсынов «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі  үшін» куәлігімен және төс белгісімен марапатталды.

- 2015 ж. «ҚММУ дамытуға қосқан еңбегі үшін» ҚММИ бірінші ректоры

 П. М. Поспеловтың медалімен марапатталды.

- 2015 ж.  «Қазақстан нейрохирургиясының дамуына қосқан үлесі үшін» марапатталды.

769a839487c7947b3c5ed46950fb3acd

Григолошвили Марина Арчиловна ҚММУ нейрохирургия және неврология кафедрасы профессорының қызметін атқарушысы.

1995 ж. ҚММИ түлегі. ҚММИ оқуын бітірген соң, өзінің еңбек өтілін нейрохирургия және неврология кафедрасында медициналық генетика курсы бойынша дәрігер-зертханашы  болып бастады, содан кейін ассистент, кафедра доценті, 2001 жылға дейін неврология, медициналық генетика бағытындағы нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.  1998 ж. неврология шифрі бойынша кандидаттық диссертация қорғап шықты.

2000 ж. медицина доценті атағын алды. 2003 ж. қауымдастырылған  профессор атағына ие.  Педагогикалық еңбек өтілі -  22 жыл. Жоғарғы санатты невропатолог дәрігер.  Монографиялық жұмыстың авторы және

10-ға жуық дәрігер невропатологтарға, ЖТД, терапевтер, студенттер мен резидентерге арналған оқу-әдістемелік құралдардың бірлескен авторы.

М. А. Григолошвили  100-ден астам басылған еңбектері жарық көрді.  Неврология бойынша мастер-кластардың ұйымдастырушысы және қатысушысы болып келеді. Жыл сайын тақырыптық жетілдіру және қайта даярлау мақсатында невролог дәрігерлерге арналған оқытуды енгізді.

2010 ж. Медицинаға сіңірген еңбегі үшін ҚР ДСМ берілген мадақтама қағазымен марапатталды. 2015 ж. «ҚММУ дамытуға қосқан еңбегі үшін» ҚММИ бірінші ректоры П. М. Поспеловтың медалімен марапатталды.

402c6ef1051639c1c257a63b4cc48ef5

Ибраимхан Нұрлан Кеңесханұлы м. ғ. қ., доцент, 1982 ж. ҚММИ тәмамдады. КҚА №1 хирург қызметін атқарған, Республикалық кеңестік (косультативті) поликлиниканың хирургия бөлімінің меңгерушісі болды. 1986-1987 жылдар аралығында ҚКА №3 травмотолог дәрігер, травматология және ортопедия кафедрасының оқытушысы. 1987-1989 жылдар аралығында  Киевтің Нейрохирургия ҒЗИ(НИИ) негізіндегі Киев қаласында МДЖИ (ГИДУВ) нейрохирургия бойынша клиникалық ординатурада білім алды. 1989-1990 ж. ж.  Шахтинск қаласының ОҚА нейрохирургия бөлімінде дәрігер нейрохирург болып  жұмыс істеді. 1990-1991 жылдары Орталық Экстремалды Медицинаның әр түрлі жарақаттар бөлімінің меңгерушісі.

1991-1998 ж. ж.  Медициналық генетика бағытындағы нейрохирургия, нерв аурулары кафедрасының Нейрохирургия кезеңі бойынша ассистент.  1998- 2016 жылдары нейрохирург дәрігер, реабитолог, жеке медициналық мекеме басшысы. 2016 ж. қазіргі уақытқа дейін нейрохирургия және неврология кафедрасының доценті. 2010 ж. «Семей ядролық сынақ полигонының (СИЯП) маңында орналасқан тұрғындардың Нейроонкологиялық аурулардың динамикасы (қарқыны) және Ұзақ уақыт бойы аз мөлшердегі радиация әсері жағдайында хромосомалардың тұрақсыздығы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ибраимхан Н. К. 17 басылған еңбектің жіәне 3 енгізу актілердің авторы болып табылады.

f464f22c357bb4170c85af3e061981ce

Кафедра оқу ісінің меңгерушісі Қауынбекова Шолпан Мейрханқызы. Дәрігер нейрохирург. Ол 17 ғылыми жұмыстың, 1 оқу-әдістемелік құралының авторы.

Жоғары санатты дәрігер нейрохирург. Медицина магистрі. 25 ғылыми жұмыстың, 2 оқу-әдістемелік бағдарламаның авторы. Қазақстан нейрохирургтар  қауымдастығының мүшесі.

de46a78d6c97358c9b79d143cbb4cd5f

Шатохина Татьяна Петровна жалпы еңбек өтілімі 35 жыл.  23 жыл невролог, 1982  ж. ҚММИ тамамдады. Неврология бойынша 1995 ж. ҚММИ неврология және нейрохирургия кафедрасында бірінші санатты маман.

1999 ж. мамандықты жетілдіру бойынша:

АМДЖИ 2001 ж. – ҚММА «Неврология өзекті мәселелері» Тақырыбы бойынша өтті.

2006 ж. – неврологиядағы таңдаған өзекті мәселелер бойынша маман жетілдіру курсы (Актуальные вопросы неврологии).

2013 ж. –Санкт- Петербургте мамандықты жетілдіру.

2015 ж. – Москва Эпилепсия институтында мамандықты жетілдіру.

be8c7f320323a1413fcd929caef69f69

Адеева Жанат Кошанқызы нейрохирургия және неврология кафедрасының ассистенті жоғарғы санатты дәрігер невролог.

1991-1998 ж. ж. ҚММА педиатрия факультетін тамамдаған.

1999 -2000 ж. ж.  ҚММА интернатурны бітірді.

2002 -2003 ж. ж. аралығында неврология мамандығын ҚММА неврология және нейрохирургия кафедрасына 3 жыл 9 ай тереңдетіп оқып игеріп шықты.

2004-2010 ж. ж. ҚОМДО балалар бөлімінде невролог – дәрігер маман болып еңбек етті.

2008 ж. республикалық балалар оңалту орталығына 2,5 айлық  маман жетілдіру курсын өтті.

2008 ж. дәрігерлік І санатын алды.

2010  - 2017 ж. Қарағанды қалалық №5 емханада дәрігер невролог қызметін атқарады.

2013. ҚММУ неврология және нейрогирургия  кафедрасына мамандықты жетілдіру мәселелер тақырыбында.

2017 ж. жоғарғы санатты дәрігер невролог.

2017 ж. қазан айынан ҚММУ мамндықты жетілдіру факультетінің нейрохирургия және неврология  асистенті.

Эпилепталогия, нейрореблитология курстарын өткен сертификат иесі. Дәрігер- функционал диагностик –сонолог.

2017 ж. ҚММУ мамндықты қайта даярлау курсын дәрігер фунционалист маман бойынша тамамдады.

Еңбек өтілімі 14 жыл. Нұр Отан партиясынан Еңбек ету барысында Еңбегі аурухана әкімшілігінен бірнеше алғыс хаттармен мақтау қағаздарымен марапатталған.

ab7454c064811f487a1a2ad04e0b471a

Аймағамбетова Бану Мақсұтовна Нейрохирургия және неврология кафедра ассистенті. Жоғарғы санатты дәрігер невролог.

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Институтын 1984 жылы «Емдеу ісі» факультетін тамамдады.

1985 ж. Қарағанды қ., облыстық клиникалық ауруханасында – интернатураны өтті. Еңбек жолын 1985 ж. Танды ауданында орталық аурухана стационарлық дәрігер-терапевт мамандығымен бастады. Мамандығын жетілдіру:

1990 ж. АМДЖИ неврология мамандығын терең игеру курсы.

1990 ж. Қарағайлы мекенінде дәрігер невролог.

1994 -1999 ж. ж.ж №4 қалалық емханада дәрігер-невролог, Қарағанды қаласы.

1999 – 2017 ж. ж. аралығында ОМО да дәрігер невролог.

2017 ж қазан айынан бастап нейрохирургия және неврология кафедрасында ассистент.

2010 ж. жоғары санатты дәрігер невролог. Еңбек ету барысында әр түрлі аурухана әкімшілігінен, денсаулық сақтау басқармасынан алғыс хат, мадақтама қағазын алған.

Мухамедьярова Лидия Хайбулатқызы нейрохирургия және неврология кафедра ассистенті. Жоғарғы санатты балалар неврологы.

1978 ж. ҚММИ педиатрия факультетін тамамдаған. ОБКА интернатура өтті. 1979 – 1987 ж. ж.  Молодежный ауданында орталық ауруханада балалар дәрігері, балалар бөлімінің меңгерушісі.

1982 ж. ОБА дәрігер. 1985 ж. бастап неврология бөлім меңгерушісі. Штаттан тыс облыстық балалар неврологы болды.

Кафедра құрылғаннан бастап республиканың әр аймақтарынан дәрігер-невролог,  нейрохирург мамандығы бойынша мамндықты жетілдіру курстарын өтуде, сонымен қатар кафедрада резиденттер неврология соның ішінде балалар неврологиясы, нейрохирургия мамандықтары бойынша дәріс алуда.

Кафедра қызметкелері тыңдаушыларға дәріс береді.  Курстық базасын «ОМО», «ОКА», «ОБА» орналасқан. Осы базалар тыңдаушыларға дәріс алуға қажетті дәрістік оқу бөлмелерімен, медициналық құпылғылармен жабдықталған. Тыңдаушыларға практикалық сабақтар жоспарлы хирургия, неврология, инсульттік  бөлім, жедел нейрохирургия, нейрооңалту, жан сақтау  бөлімдерінде жүргізіледі. Тыңдаушылар ауруларды қарап, тексеру әдістемелеріне , ауру тарихымен танысу, ота жасауға қатысып тәжірибе жинап дағдылану қарастырылған.

Қызметкерлерді оқу процесстеріне икемдеп, енгізу. Кафедра қызметкерлері ҚММУ және алыс, жақын шет елдерде кәсіби біліктіліктерін арттырып отырады.

30. 10. 2017 – 03. 11. 2017 ж. ж. аралығында кафедра мамандарымен Халықаралық шеберлік класы «Мойын омыртқаларының әр түрлі ауруларында нейрохирургиялық емдеу тәсілі» тақырыбында өткізді.


Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР электрондық үкіметі
ҚР денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ Стратегиялық жоспары
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Болашақ бағдарламасы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуро аймақтық бюро
Magna Charta Universitatum
International Research Journal for Medical students
Өз қаражатынды басқаруды үйрен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы
The cochrane library
Маманның білім деңгейін тексеру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен басым бағдарламалар
Болашақ
Евразиялық интеграция
Жастармен ұлтық онлайн-консультациялар
Қаржы орталығы
Springer
Ұлттық клиникалық хаттамалар
Малайзия Ұлттық Университеті
Конференция күнтізбесі
ҚММУ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН КҮЗЕТІ, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Образовательный кредит
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
ЕНПФ зейнетақы қоры
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Өтініштердің үлгілері
Сауалнама
Студенттік кәсіпкерлік