Фармация
Дәреже: «6В10103 – фармация» білім беру бағдарламасы бойынша фармация бакалавры
Білім беру бағдарламалары тобы: B085 Фармация
Шифр: 6B10103
Оқу ұзақтығы: 5 жыл, 300 кредит
Қабылдау шарттары: ҰБТ нәтижесі 70 баллдан кем емес
Негізгі пәндер: биология, химия
1 жылдың оқу ақысы: 1 220 000 тенге
Білім беру бағдарламасының сипаттамасы
Фармацевт мамандығы медициналық қызметтің жеке түрі ретінде орта ғасырларда пайда болды, бірақ дәрілік заттарды жасау, дайындау және қолданумен біздің заманымыздан әлдеқайда бұрын Ежелгі Египет, Қытай, Үндістан, Грекия және Рим империясының халық емшілері айналыса бастады.
Фармацевт – дәрілік заттарды жасау, дамыту, әсер ету механизмдері мен ұтымды пайдалану әдістері туралы іргелі білімі бар, оларды өндіру, сапасын бағалау, маркетинг, өткізу, пайдалану бойынша кеңес беру, фармацевтикалық бизнесті ұйымдастыру мен жүргізу және фармация саласындағы басқару дағдылары бар маман.
Табысты оқу үшін студенттерге химия, биология және дәрімен қамтамасыз ету саласында жұмыс істеу ниеті қажет.
Миссия
Өзін-өзі дамытуға, әлеуметтік бейімделуге қабілетті, жалпы және кәсіби мәдениет деңгейі жоғары білікті, халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды, кәсіби элитаны даярлау.
Сіз не үйренесіз?
Білім мен дағды:
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында;
- Қазақ (орыс) және ағылшын тілдерін;
- Органикалық және бейорганикалық химия бойынша;
- Өсімдіктану саласында;
- Адам анатомиясы мен физиологиясында, сондай-ақ молекулалық биология бойынша.
Білім мен дағды:
- Қоғамдық-саяси пәндер, философия және кәсіпкерлік саласында;
- Аналитикалық, физикалық коллоидтық және биологиялық химия бойынша;
- Науқас адам ағзасындағы патологиялық процестердің даму механизмдері туралы;
- Сонымен қатар микроорганизмдердің адам өміріндегі және аурулардың дамуындағы рөлін түсіну.
Негізгі фармацевтикалық білім мен дағдылар:
- Дәрілік заттар және олардың медицинада қолданылуы туралы;
- Дәріханада дәрілік заттарды дайындау бойынша;
- Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру және дәріхана жұмысы саласында;
- Фармацевтикалық этика және деонтология бойынша;
- Дәрілік қосылыстардың химиясы бойынша;
- Медициналық тәжірибеде дәрілік өсімдіктерді қолдану туралы.
Негізгі және кәсіби фармацевтикалық білім мен дағдылар:
- Ұтымды дәрілік терапия саласында;
- Дәрілік заттарды өнеркәсіптік өндіру және олардың сапасын қамтамасыз ету туралы;
- Науқастарға дәрілік заттарды қолдану бойынша кеңес беру;
- Фармацияда биотехнологияны қолдану саласында;
- Фармацевтикалық қызметті басқару және фармацевтикалық маркетинг саласында.
Арнайы фармацевтикалық білім мен дағдылар:
- Жаңа инновациялық дәрілік заттарды жасау бойынша;
- Өсімдік ресурстарын ұтымды пайдалану;
- Дәрілік заттардан уланудың химиялық талдауы және сот-токсикологиялық сараптамасы;
- Әртүрлі фармацевтикалық ұйымдарда жұмыс істеу.

Оқытудың соңғы нәтижелері
- Құзіреттілікке негізделген білімді ғылымның әртүрлі салаларының физикалық, химиялық, биологиялық, гуманитарлық, әлеуметтік-саяси, экологиялық және т.б. жиынтығы ретінде қолданады
- Заманауи ақпараттық технологияларды қолдануды қоса алғанда, әріптестермен тиімді ақпарат алмасуға және ынтымақтастыққа әкелетін тұлғааралық және коммуникациялық дағдыларды көрсетеді
- Фармацевтикалық қызметтің кәсіби мәселелерін шешу үшін негізгі биомедициналық және химиялық ғылымдардың қалыптасқан және жаңа принциптерін қолданады
- Дәрілік қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуі үшін принципті маңызы бар іргелі және мамандандырылған фармацевтикалық ғылымдар саласындағы қалыптасқан және жаңа ғылыми принциптерді біледі және қолданады
- Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жасау, өндіру, сапаны бақылау, ілгерілету және сату кезеңдерінде жоғары сапалы, қауіпсіз және тиімді дәрілік көмекті қамтамасыз етеді
- Кәсіби міндеттерді орындауға, этикалық қағидаларды сақтауға міндеттеме көрсетеді және үздіксіз жеке және кәсіби өсуді қолдайды
- Кәсіпкерлік қызметте, экономикалық көрсеткіштерді жоспарлауда және талдауда дағдыларды меңгереді. Фармациядағы менеджмент және маркетинг
- Кәсіби қызметке мотивациясы жоғары, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі тануға ұмтылады, кәсіби салада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілетті