Қоғамдық денсаулық сақтаудағы менеджмент (бейіндік бағыт)
Дәреже: «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы бойынша денсаулықсақтау магистрі
Білім беру бағдарламалары тобы: М139 Қоғамдық денсаулық сақтаудағы менеджмент
Шифр: 7M10108
Оқу ұзақтығы: 1 жыл, 60 кредит
Қабылдау шарттары: кешенді тестілеу
1 жылдың оқу ақысы: 600 000 теңге
Білім беру бағдарламасының сипаттамасы
Денсаулық сақтау саласындағы бизнес және менеджмент саласында заманауи білімі мен дағдыларын меңгерген, оларды денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарын табысты басқару үшін тиімді қолдануға қабілетті басқарушы кадрларды даярлау
Миссия
Денсаулық сақтау саласындағы бизнес және менеджмент саласында заманауи білімі мен дағдылары бар, оларды денсаулық сақтау ұйымдарын табысты басқару үшін тиімді қолдана алатын басқарушы кадрларды даярлау.
Сіз не үйренесіз?
1 курс
Базалық және кәсіби білімі мен дағдылары:
- Басқару психологиясы саласы;
- Эпидемиологиядағы статистикалық әдістер;
- Коммуникациядағы көшбасшылық;
- Денсаулық сақтаудағы операционды менеджмент;
- Стратегиялық менеджмент;
- Денсаулық сақтаудағы жобаларды басқару.
Оқытудың соңғы нәтижелері
- Тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымды басқарудың заманауи концепцияларын, денсаулық сақтауды басқару ерекшеліктерін білуді пайдалану.
- Әлеуметтік-экономикалық орта мен халықтың денсаулығы мен халық топтары арасындағы байланысты анықтау және талдау.
- Стратегиялық жоспарлау мен басқарудың мәнін түсіну, кәсіпорынды дамытудың миссиясы мен мақсаттарын анықтау, стратегиялық талдау жүргізу және тәуекелдер мен белгісіздіктердің әсерін ескере отырып, ұйымның стратегиясын әзірлеу.
- Денсаулық мәселелерін бағалау және талдау, медициналық көмекті жақсарту бойынша шараларды әзірлеу және бағалау. Денсаулықты нығайту бойынша жан-жақты және заманауи пәнаралық перспективаға, денсаулықты практикалық нығайтуға қажетті білім мен дағдыларға ие болу.
- Денсаулық сақтаудағы экономикалық процестерді талдау, денсаулық сақтау саласындағы экономикалық белсенділік көрсеткіштерін есептеу, талдау және бағалаудың негізгі әдістерін қолдану, кәсіпкерлік қызметті реттейтін механизмдерді түсіну.
- Қоғамдық денсаулық сақтау шаралары, стратегиялары мен саясаттары үшін негізгі этикалық принциптерді анықтау және орындау.
- Жоғары мектепте мұғалім ретінде кәсіби дағдыларды дамыту және студенттердің оқуын жақсарту үшін педагогикалық мәселелерді тиімді шешу.
- Әлеуметтік ғылымдарды тәжірибеде қолдану, зерттеулерді сынау және дамыту, саясат пен бағдарламалауды ақпараттандыру үшін дәлелдемелерді пайдалану және академиялық серіктестік құру.
- Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджмент саласындағы практикалық мәселелерді сәтті шешу үшін стратегиялық және операциялық менеджмент, персоналды басқару, жобаларды басқару саласындағы іргелі білімді қолдану.
Жұмысқа орналастыру
Білім беру бағдарлмасын аяқтағаннан кейін т.лектер мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істей алады:- ЖОО, ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері;
- ЖОО оқытушысы;
- Денсаулық сақтау менеджері;
- Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
- Медициналық колледж оқытушысы.