Фармация (ғылыми-педагогикалық бағыт)
Дәреже: «Фармация» білім бағдарламасы бойынша медицина ғылымдарының магистры
Білім беру бағдарламалары тобы: M142 Фармация
Шифр: 7M10104
Оқу ұзақтығы: 2 жыл, 120 кредит
Қабылдау шарттары: КТ нәтижесі 75 баллдан кем болмау керек
1 жылдың оқу ақысы: 1 320 000 теңге
Білім беру бағдарламасының сипаттамасы
Фармация ББ бойынша медицина ғылымдарының магистрлері – дәрілік құралдарды іздестіру, жасау, өндіру, нарыққа шығару және қолдануға байланысты ғылым және білім беру аясындағы фармацевтикалық дайындамалар, технология, әртүрлі текті дәрілік құралдардың сараптамасының ғылыми ұстанымдары мен әдіснамасын мүлтіксіз білетін, дәрілік құралдармен қамдауды ұйымдастыру және басқару, дәрілік құралдарды тіркеу, лицензиялау, стандарттау, сертификаттау жүйесі, дәрілік құралдардың өмірлік циклындағы әртүрлі кезеңдерінде сапасын қамтамасыз ету жүйесі бойынша дағдыларды игерген, сонымен қатар мамандықтың базалық және кәсіптік бағыттары бойынша педагогикалық құзіреттіліктерді меңгерген жан-жақты мамандар
Миссия
Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін медициналық және фармацевтикалық ғылымдар, білім беру және практика саласындағы мамандарды даярлау.
Сіз не үйренесіз?
Білімдер мен дағдылар:
- Ғылыми зерттеулерді жүргізудің философиясы мен әдіснамасы аумағында, Қазақстан Республикасының тұрғындарын дәрілермен қамдау, фармацевтік менеджмент бойынша білімдер мен дағдыларды меңгеру;
- Жоғары мектепте оқыту өнерін, фармацевтік биоэтиканың ұстанымдарын, фармакоэпидемиологиялық зерттеулер өткізуді игеру.
Арнайы білім мен дағдыларды жетілдіру:
- Жаңа дәрілік құралдарды жасау, клиникалық емес және клиникалық сынақтарды өткізу, дәрілермен қамдауды басқару аумақтарындағы арнайы білім мен дағдыларды жетілдіру;
- Проведение исследований по различным направлениям фармацевтической науки и практики, развитие навыков участия в научных дискуссиях, представления результатов своих исследований, написания научных статей, выступлений на различных научных форумах.
Білім алу барысында сендерді педагогикалық және ғылыми-зерттеу практикалары күтеді, сонымен қатар ғылыми-зерттеу ұйымдарында тағылымдама өту мүмкіндігі бар
Оқытудың соңғы нәтижелері
- Дәрі-дәрмекпен және фармацевтикалық өндірістің заманауи ұлттық жүйесінің мәселелерін түсінеді және анықтайды, жаңа міндеттерді қою және шешу үшін кәсіби қызмет саласындағы бастапқы және арнайы білім мен дағдыларды қолданады;
- Фармацевтикалық ғылымдар мен технологиялардың тарихи-философиялық концепцияларын, олардың ғылыми дүниетанымның дамуындағы орнын терең түсінеді, ғылыми-зерттеу қызметіне қабілетті және дәрілік заттардың сапасын бақылау саласында дағдыларына ие
- Кәсіби ақпаратты жинауда, сақтауда, өңдеуде, талдауда және беруде заманауи ақпараттық технологияларды қолданады
- Зерттеулер жүргізеді, зерттеулердің сапасы мен нәтижелердің ғылыми сенімділігі үшін жауапкершілікті көрсетеді; әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырудың салдарын болжай, талдай және жүйелік ойлай біледі
- Ол ғылыми-өндірістік және технологиялық жұмыстардың нәтижелерін талдайды, дайындайды, ұсынады және есеп береді, пікірталастарға, конференцияларға және кәсіптік дамудың басқа да түрлеріне белсенді қатысады.
- Педагогикалық дағдылар мен көшбасшылық қасиеттерге ие, әріптестерімен тиімді қарым-қатынас жасай алады, студенттерді және кәсіби топ мүшелерін өз бетінше оқи алады және үйрете алады, танымдық іс-әрекет психологиясын және заманауи білім беру технологияларын қолданады
- Дәрілік заттарды дайындау және өндіру бойынша фармацевтикалық ұйымдардың қызметін ұйымдастырудың негізгі принциптерін зерттейді; фармацевтикалық және медициналық бұйымдарды өндірудегі GxP мен мемлекеттік реттеу мен стандарттау талаптарын сақтайды
Жұмысқа орналастыру
Біздің түлектер жоғары білім беру ұйымдарында және ғылыми-зерттеу институттарында оқытушы ғалымдар, фармацевтік мекемелерде сапа бойынша мамандар болып,табысты еңбек етуде, сонымен қатар фармацевтік ұйымдарда және фармацевтік қызметті басқару органдарында басқару лауазымдарын атқаруда. Бағдарламаның түлектері өздерінің мансабын PhD докторантурада жалғастыра алады.