Қызметкерлер

Абдрахманова Гульмира Марсовна
Ғылыми дәрежесі: PhD
Ғылыми атағы: Фармация мектебінің қауымдастырылған профессоры
- 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Фармация мектебінде жұмыс істейді, магистратура және докторантура бағдарламаларының түлегі, «ҚМУ» КЕАҚ. Фармацевтикалық пәндерді оқытады: фармацевтикалық қамқорлық, биофармация және арнайы технология, фармацевтикалық өндірістегі менеджмент және маркетинг, жалпы фармакология. Дипломдық жұмыстардың жетекшісі.
- Жалпы фармакология, биофармация, фармацевтикалық өндірістегі менеджмент және маркетинг, фармацевтикалық білім беру.
- Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде 30-дан астам ғылыми еңбектің авторы, олардың ішінде: Scopus және Web of Science индекстелетін дерекқорларында 3 мақала (Q2, Q3), ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған басылымдарда 3 мақала, РИНЦ базасында 3 мақала, сондай-ақ халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда 21-ден астам жарияланымдар, түрлі деңгейдегі марапаттармен (грамоталар мен сертификаттар), сонымен қатар студенттермен бірге. Хирш Индексі -2.
- «Негізгі фармацевтикалық пәндер» модулінің үйлестірушісі, фармация мамандығы бойынша бакалавриат студенттерінің эдвайзері. Фармация бойынша пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарының кураторы.