Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
Басты бет
Кәсіби даму
ҮКДФ Кафедралар
Педиатрия және перинатология кафедрасы

Педиатрия және перинатология кафедрасы

Педиатрия кафедрасы ҚММА ректорының  № 172 бұйрығымен дипломнан кейінгі білім және үздіксіз кәсіби дамыту факультетінің құрамында 2005 жылдың 21 наурызында құрылған. Кафедрада мынадай мамандықтар бойынша білім беру жүзеге асырылады: Балалар хирургиясы, Педиатрия, Урология, Андрология. Негізгі циклдар:  балалар аурулары, неонатология,  балалар  кардиологиясы, ревматология, пульмонология, гастроэнтерология, нефрология, эндокринология, аллергология және иммунология, гематология, амбулаторлы және стационарлы кезеңдегі шұғыл көмек, балалар жұқпалы аурулары,  балалар хирургиясы, балалардағы шұғыл хирургия, инвазивті хирургия, балалар хирургиясындағы эндобейнехирургиялық оталар, урология, андрология және басқалар болып табылады. Педиатрия кафедрасының тұңғыш меңгерушісі 2005 жылдан 2009 жылға дейін м.ғ.к., доцент К.Б. Жақтаева болды.  2010 жылдың қаңтарынан ДКБ және ҮКДФ педиатрия кафедрасы педиатрия курсымен балалар хирургиясы, андрология, урология кафедрасы болып атауы өзгертілді. Педиатрия курсымен балалар хирургиясы, андрология, урология кафедрасының меңгерушісі болып медицина ғылымдарының докторы, доцент - М.С.Асқаров тағайындалды. 2012 жылдың қаңтарынан кафедра урология, андрология және балалар хирургиясы курсымен педиатрия, неонатология кафедрасы болып аталды. Урология, андрология және балалар хирургиясы курсымен педиатрия, неонатология кафедрасының меңгерушісі болып медицина ғылымдарының докторы, профессор  - Б.А.Aбеуова тағайындалды.

2017 жылдың қырқүйек  айынан бастап педиатрия кафедрасына  перинатология кафедрасы қосылды.

КАФЕДРА ҚҰРАМЫ

64ef65c1038ff49c74055e061172e12e

Бибігүл Амангелдіқызы Абеуова – кафедра меңгерушісі, профессор. 

3a088e72487534c2ea7bc28fb8913f13

Бибігүл Амангелдіқызы Абеуова – кафедра меңгерушісі, профессор. 

dc246d67a9c9755baf6824587a051dbf

Күлжекеш Асылханқызы Кенжебаева –профессор.

1964 ж Алматы мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша үздік бітірді. 1964 жылдан 1966 жылға дейін ана мен баланы қорғау ҚазҰЗИ неврологиялық бөлімшесінде зерттеуші - машықтанушы болып қызмет атқарды. 1966-1969 ж КСРО МҒА Педиатрия институтында аспирантурада білім алды, оны аяқтарда «Балалардағы жүйке-психикалық даму этиологиясында босану кезіндегі асфиксияның рөлі туралы сұраққа» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 1969 жылдан 1975 жылға дейін ана мен баланы қорғау ҚазҰЗИ неврологиялық бөлімшесінде аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды. 1975 жылдың ақпанында ҚММИ ауыстырылды. Сол кезден бастап  ассистент, 1981 жылдан госпитальды педиатрия кафедрасының доценті, кейін неонатология курсының меңгерушісі. 2005 жылдың сәуірінен – ҚММУ ДКБ және ҮКДФ педиатрия кафедрасының доценті, 2010 жылдың қаңтарынан – педиатрия курсымен балалар хирургиясы, урология және андрология кафедрасының доценті. К.А.Кенжебаева тәжірибелі әдіскер, мемлекеттік және орыс тілінде білім беретін талантты ұстаз, жоғары санатты дәрігер-неонатолог, балалар невропатологы. 170-ден аса ғылыми мақаланың, 10 әдістемелік нұсқаудың авторы, олардың үшеуі мемлекеттік тілде, «Нәрестелердегі басқаңқа ішілік босану жарақаты» (Мәскеу,1976), «Нәрестелер мен ерте жастағы балалардың физиологиялық стандарттарының анықтамалығы» (1999 ж шығарылған, 2005ж қайта шығарылды), «Ерте жастағы балалардағы жүйке жүйесі сырқаттарының дәрілік емі (дәлелдемелі медицина мәліметтері бойынша)» монографиялардың авторы. С.Т. Кизатова кандидаттық диссертациясының жетекшісі. К.А. Кенжебаевамен «Сырқаттардың жіктелуі бойынша басшылықта» «Неонатология» бөлімі жазылған, «Неонатология» бөлімі бойынша «Мамандардың өзіндік дайындалуына арналған тесттік сұрақтар»  жинағы авторларының бірі.

К.А. Кенжебаева қымет атқару жолында бірнеше рет жоғары оқу орнының, Қарағанды облысы денсаулық сақтау департаментінің құрметті мақтау қағаздарымен, ҚР ДСМ мадақтауымен марапатталды.  2000 жылдан денсаулық сақтау үздігі, 2001 ж - ҚММА құрметті профессоры, 2009ж «Білім берудің құрметті қызметкері» төсбелгісі иегері. Жоғары санатты дәрігер-неонатолог, жоғары санатты балалар невропатологы. 

Галина Георгиевна Еремичева  профессор

aa365cf23b9573e51dcec2e73cec96a5

1980 жылы Қарағанды медициналық училищесін бітірді, 1993 жылы – «Педиатрия» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірді. Интернатураны Саран қаласының балалар емханасы базасында өтті, сол жерде 1994 жылға дейін аймақтық дәрігер болып қызмет атқарды. 1994 жылдан бастап – емханалық педиатрия кафедрасының бас зертханашысы, 1995 жылдан – госпитальды педиатрия кафедрасының ассистенті.  2006 жылы «Дуоденогастральды рефлюкс кезіндегі балалар асқазанының зақымдануы» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

2007 жылдан – ассистент, 2010 жылдан – ҮКДФ педиатрия курсымен балалар хирургиясы, урология және андрология кафедрасының доценті.  Жоғары санатты бала-дәрігері, жоғары санатты бала гастроэнтерологы. 70-ден аса басылған жұмыстары, 5 оқу-әдістемелік нұсқауы бар.

Г.Г. Еремичевамен «Сырқаттардың жіктелуі бойынша басшылықта» «Балалар гастроэнтерологиясы» бөлімі жазылған. ҚММУ қызмет атқару жолында бірнеше рет мадақтаулармен марапатталды. 

fa24b6d399942255f6b375968c132166

Күзгібекова Алмагүл Болатқызы – профессор, 1989 жылы «Педиатрия» мамандығы бойынша Қарағанды медицина институтын аяқтағаннан кейін, интернатураны РФ Волгоград қаласында, Волгоградтық мемлекеттік медицина институты және облыстық балалар ауруханасы базасында өтті. 1990-1991 ж Жезқазған облысы, Ақшатау ауылының ауылдық аймақтық ауруханасында бала-дәрігері. 1992 - 1995 жж. ҚММА аспирантурада білім алды, «Асқазан-ішек жолы патологиясымен науқас балалардағы сауықтыру кезеңінің клиникалық ағым ерекшеліктері, қауіп факторлары және оларды түзету жолдары» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 1996-2000 жж - ассистент, кейін балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының доценті, 2000 ж факультетті педиатрия кафедрасының доценті. 2003 жылдың қыркүйегінен 2011 жылдың қаңтарына дейін педиатрия және шығыс медицинасы факультетінің деканы, кейін жалпы медицина және стоматология факультетінің деканы. 2011 ж қаңтарынан – педиатрия курсымен балалар хирургиясы, урология және андрология кафедрасының доценті.  Жоғары санатты бала-дәрігері. Денсаулық сақтау субъектілерінің жұмысын бағалау бойынша тәуелсіз сарапшы. «Қарағанды облысы педиатрлар кеңесі филиалының»,.«ҚММУ тәуелсіз сараптау қауымдастығының мүшесі».  2004 жылдан бастап сапа жағынан ішкі аудитор және менеджер. Медициналық білім беруден аккеридитация бойынша тәуелсіз сарапшы. ҚР бойынша медициналық ЖОО аккредиттеу және халықаралық сыртқы сараптау бойынша комиссиясын бірнеше рет басқарды.  Республикалық «Шапагат - 2012» конкурсының «Әйел –өнертапқыш» номинациясының иегері.  Европалық ғылыми қоғамның дамуына үлес қосқаны үшін Г. В. Лейбниц (2012), М. Петтенкофер төсбелгісімен марапатталды. Израиль (2013) мемлекетінің шетел министрлік іс жөніндегі білім беру грантының иегері.  «Болашақ» (2014) халықаралық стипендиясының иегері.   Республикалық байқаудың «Мамандық үздігі» бойынша  «Үздік тәуелсіз сарапшы» (2015) номинациясының иегері. «ҚР білім саласының үздік жұмысшы» (2004) төсбелгінің иегері.  «Казақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2012).Бірнеше рет ЖОО, облыстық денсаулық сақтау басқармасының, Қарағанды облысының әкімінің, ҚР ДС мадақтау қағаздарымен марапатталған.  А.Б. Күзгібекова 120 дан астан ғылыми жобалар жариялаған, оның ішінде әдістемелік құралдар, тағайындамалар, монографиялар.  Инновациялық патент иегері. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  келесі тақырып бойынша грант басқарушысы: «Антибиотикорезистенттілікті тұрғындарға тұрақтандыру мақсатында  қалыптастыруда іс шараларды қалыптастыру және ақпараттандыру (2015).


f9647a7a999c7d5c2f0ba3ceead89a15

Жумаканова Камшат Сериккановнадоцент. 2000 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина  академиясын  «Педиатрия» мамандығы бойынша оқып тәмамдады және облыстық клиникалық балалар ауруханасы мекемесінде интернатураны аяқтады. 2001-2004 жылдары ҚММА реаниматология кафедрасының аға зертханашысы  қызметін атқарды. 2006-2009 жылдар аралығында Қарағанды қаласының  «№3 Балалар стационары»  ауруханасында қабылдау бөлімінде дәрігер педиатр  қызметін атқарды. 2009 жылдан бастап Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің №2 балалар аурулары кафедрасына ассистент қызметіне орналасқан. 2010-2012 жылдары ҚММУ магистратурасын тәмамдады.  «Бір жасқа дейінгі тума жүрек ақауы бар балалардың  инвалидтеуші кауіп факторлары» атты тақырыпта магистерлік диссертацияны қорғады, ғылыми жетекші профессор  Б.Т. Түкбекова 2013 жылдан  2016 жылдар аралығында  докторантураны табысты аяқтап,  2016 жылдың  24 қазанында  «Әр түрлі гестациялық мерзімге байланысты шала туудың цитокиндік профилі», атты докторлық диссертациясын қорғады.  Ғылыми жетекшісі  профессор  Б.А. Абеуова 2017 жылдың 25 сәуірінде 6D110100 – «Медицина» мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D.) дәрежесі берілді. Жоғары санатты дәрігер-педиатр және дәрігер неонатолог  мамандығы бойынша сертификаты бар. 


8801df2e91e841adf92b39edee99421f

Пак Ирина Владимировна 1974 жылы  «емдеу ісі» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік медицина институтын  бітірді. 1974ж.-1975ж. интернатураны өтті және Қарағанды қаласының №2 перезентханасында  акушер – гинеколог дәрігер болып жұмыс істеді. Акушер – гинеколог кафедрасында клиникалық ординатураны өтіп ассистенттік қызметте жұмыс істеді.

1996 ж. «Липидтердің сутек асқынтотығының жағдайы және жүктілікті  аяғына дейін көтере алмау және қауіпті түсік қатеріне антиоксидантты қорғаныс жүйесі».  кандидаттық дәрежеге ізденісте медициналық ғылыми тақырыбына диссертация қорғады: 2001ж. доцент атағын алды.

1999ж. бастап-2002ж. дейін –доцент, кафедра меңгерушісі.

И.В.Пак  «Жүктілікті  аяғына дейін көтере алмау»  акушер-гинекологтар және интерн дәрігерлер үшін оқу-әдістемелік құрал басып шығарды,30-дан астам ғылыми мақала жариялады, «Қауіпті түсікті ерте  диагностикалау әдісі».

17.07.2002 ж. бастап  31.05.2012ж. дейін  ҚМММ «Қарағанды қаласының  қалалық перезентханасы» директоры қызметін атқарды.

01.06.2012ж.бастап 02.06.2013ж. дейін ҚММ «Қарағанды қаласының  қалалық перезентханасы»  ішкі аудит бойынша директор орынбасары  қызметін атқарды.

 03.06.2013ж. бастап  нақты уақытта – ҚММ «Обылыстық перинатальды  орталықта» медициналық қызмет көрсетудің сапасын бақылау бойынша директор орынбасары  қызметін атқарады.

04.09.2016ж.-24.08.2017ж. перинаталогия кафедрасының  меңгерушісі.

03.09.2017ж.- педиатрия және перинаталогия кафедрасының  доценті. Жоғары дәрежелі білікті акушер-гинеколог дәрігер. Мерзімсіз сертификаты бар.

Аккредиттелген тәуелсіз эксперт. Аккредитация жөнінде куәлік № KZ92VЕК00003053.  «Білім және дағдыны бағалау орталығы» Аттестациялық комиссия мүшесі.

Пак Ирина Владимировна:

-  Қарағанды қаласы, әкімшілігі және облыстық денсаулық сактау  мекемесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды

-  2008 ж-  Диплом. «Қазіргі заманға сай, Замандас-2008» және  «Рахымшылық»  облыстық денсаулық сактау  мекемесінің ; белсенді түрде салауатты өмір салтын жүргізу бағытында  тұрғындарды  кірістіру барысында марапатталды.

-  2010 ж - Республикалық  денсаулық сақтау  ісінің  үздігі.

-  Нәсілдік медициналық төсбелгісімен марапатталды, Қазақстан Республикасының  Тауелсіздігінің 20 жылдығына орай.

-  2015 ж -  Облыстың қоғамдық-саяси  өміріне белсене қатысқаны үшін Қарағанды әкімшілігінің Құрмет «Алтын дәрігер» грамотасымен марапатталды. 

-  2016ж-  Тәуелсіз сараптау бағытында, МСМ және ӘДМ медициналық және  фармацевтикалық сапаны бақылау комитетінің департаментінің құрмет грамотасымен марапатталды

-  2016ж-  Қарағанды облысы атынан «Ең мықты тәуелсіз сарапшы» атты  Республикалық конкурсқа қатысты

-  2017ж-  Медицина қызметкерлері күніне орай, Құрмет грамотасымен  марапатталды.

14210e45ac4f3a66fb7dbf06f6d52e5f

Турдунова Гульмира Сансызбаевна

1983-1990ж.  Семей мемлекеттік медициналық институтын бітірді.

Факультет – емдеу ісі

Мамандығы – акушерия және гинекология.

 1990ж. бастап  1994 ж. дейін Семей қаласында Перинатальды орталықта  жұмыс істеді.

1994ж. бастап 2008ж. дейін СММУ (кафедра акушерия және гинекология, жанұялық медицина және эндокринология және ЖТД дәрігерлері үшін  акушерия гинекология бөлімі және отбасын жоспарлау кафедрасында  ) оқытушы қызметін атқарды. 

2008ж.бастап – 2009ж. дейін АО МУА «Астана»., қ. Астана кафедраассистенті ОВП№2 Акушер- гинеколог.

 2009ж. бастап – нақты уақытта Қарағандымемлекеттік медициналық университетте ҮКДФ кафедрасында жұмыс істейді.,  №1 хирургиялық пәндердің,  акушерияжәнегинекология курсына жауаптылық міндетін атқарды.

2015-2016ж.ж.   перинатология кафедрасының  ассистенті.

2016-2017ж.- педиатрияжәне перинатология кафедрасының  ассистенті.

- Жанұялық медицина бойынша тренер-мастер Дипломы

- Репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау жөнінде клиникалық оқыту әдісі бойынша  - тренер-мастер Дипломы

- Тұлғааралық  қарым-қатынас тренер-мастер Дипломы

2001 жыл 10 шілдеден  4 тамызға дейін Британдық кеңес іс әрекетімен Алматыда ағылшын тілін оқу бойынша– 100 сағат Қазақстанда бірінші медикті -санитарлық көмекті дамыту жобасы бойынша кәсіби тренинг өтті.

Аккредиттелген  тәуелсіз сарапшы «Тәуелсіз Ассоциация медициналық эксперті қ. Астана»  АҚ (Аккредитация жөніндегі куәлік №37 от 18.03.2011ж.), Қарағанды мемлекеттік медициналық университетте, ШЖҚ РМҚ

 «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» 2007ж. төсбелгісімен марапатталды

Жоғары  білікті акушер - гинеколог дәрігер.


709803bead2b12ab9660e863a741c6fc

Абдрахманова Екатерина Абдрахмановна

М.ғ.к., кафедра доценті, педагогикалық еңбек өтілімі – 40 жыл,дәрігерлік еңбек өтілімі – 40 жыл.

1976 жылы  Қарағанды мемлекеттік медициналық университеттінің «емдеу ісі» мамандығын  бітірді.

1976ж.-1977ж. интернатура өтті  және  «Қарағанды қаласының №2   қалалық перезентханасында» акушер- гинеколог дәрігер болып қызмет істеді.

1980-1982ж.ж.  №1 Сеченов атындағыМәскеууниверситетінде клиникалық ординатура өтті.

1982-1987ж.ж. Мәскеу қ. «Бүкілодақтық Ана мен баланы қорғауорталығында »Аспирантураны өтті.

 1987 ж. медицина ғылымының кандидаты дәрежесіне ізденісте  кандидаттық диссертация қорғады, тақырыбы: «Кешенді емдеуде босану әрекетінің әлсіздігінеқолдану». 1992ж. доцент атағын алды.

03.09.1987ж. бастап нақты уақытта –  педиатрияжәне перинатология кафедрасының  доценті.



Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР электрондық үкіметі
ҚР денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ Стратегиялық жоспары
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Болашақ бағдарламасы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуро аймақтық бюро
Magna Charta Universitatum
International Research Journal for Medical students
Өз қаражатынды басқаруды үйрен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы
The cochrane library
Маманның білім деңгейін тексеру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен басым бағдарламалар
Болашақ
Евразиялық интеграция
Жастармен ұлтық онлайн-консультациялар
Қаржы орталығы
Springer
Ұлттық клиникалық хаттамалар
Малайзия Ұлттық Университеті
Конференция күнтізбесі
ҚММУ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН КҮЗЕТІ, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Образовательный кредит
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
ЕНПФ зейнетақы қоры
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Өтініштердің үлгілері
Сауалнама
Студенттік кәсіпкерлік