2027-2029 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым Комитеті  Конкурстық құжаттамаға сәйкес:
– Климаттық орнықтылық, су қауіпсіздігі, табиғи ресурстар, АӨК-нің тұрақты дамуы;
– Технологиялық егемендік және өнеркәсіптік бәсекеге қабілеттілік;
– Денсаулық, адами даму және өмір сүру сапасы;
– Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және аумақтар мен өмірлік маңызды инфрақұрылымның орнықтылығы;
– Іргелі зерттеулер, ғылыми қор және ғылыми әлеует ғылыми бағыттар бойынша 2027 жылға (іске асыру мерзімі 36 ай) арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсын өткізетіні жөнінде хабарлайды.
Байланыс ақпараты және өтінім беру тәртібі:
• «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі (is.ncste.kz) арқылы өтінімдер беру бойынша кеңес алу үшін Call center: +7 (727) 344-11-10 (ішкі. 203, 210, 211, 213, 214, 218, 219, 221, 223, 226, 227, 230, 233, 234).
• Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:00-ға дейін.
• Ғылыми жетекшінің және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі.
Конкурс өткізу мерзімдері:

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2026 жылғы 13 қазан.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 11 қараша (қоса алғанда).
https://www.gov.kz/org/science/press/news/details/1310429?lang=kk 

Конкурстық құжаттама_Жас ғалымдар байқауы

Жарнамалар лентасы

Жарияланды: 29.10.2026