Erasmus+ бағдарламасына қатысу конкурсы (Румыния, Арад)
Румыниядағы Universitatea de Vest “Vasile Goldiș” din Arad университеті Қарағанды медицина университетінің (ҚМУ) студенттері үшін Erasmus+ бағдарламасы аясындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға конкурс жариялайды.
Бағдарлама шарттары:
• Оқу кезеңі: 1 семестр (күзгі семестр);
• Орын саны: 2;
• Қатысуға 6-курсқа өткен (интерндер), ЖТД және Педиатрия бағытындағы студенттер жіберіледі.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
• В2 деңгейінен төмен емес тілдік сертификаттың болуы (IELTS / TOEFL / Duolingo / British Council) – міндетті;
• Жоғары коммуникативтік дағдылар;
• Тәртіптік жазалардың болмауы;
• Ағылшын тіліндегі CV – міндетті;
• GPA көрсеткіші 3.0-ден төмен болмауы тиіс.
Қажетті құжаттар тізімі:
• Шетелге шығатын азаматтың сауалнамасы (үлгі бойынша);
• Өтініш (үлгі бойынша);
• Келісім (үлгі бойынша);
• Тілді меңгергендігін растайтын сертификат;
• Ағылшын тіліндегі ұсыным хат;
• Жеке оқу жоспарының көшірмесі;
• Академиялық транскрипт (ағылшын тілінде);
• Паспорт көшірмесі;
• 3×4 көлеміндегі фотосурет (5 дана);
• 072 нысанындағы медициналық анықтама.
Құжаттарды тапсыру мерзімі:
• Соңғы мерзім: 19 маусымға дейін;
• Қабылдау орны: 327-кабинет.
Анықтама үшін байланыс:
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі
international@qmu.kz