Үндістанға "Фармация" және "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" мамандықтарының 3 және 4 курс студенттері, сондай-ақ магистранттары мен докторанттары үшін академиялық ұтқырлық шеңберінде өндірістік практикадан өтуге конкурс жарияланады.

Құрметті "ҚМУ" КеАҚ студенттері!

Үндістанға "Фармация" және "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" мамандықтарының 3 және 4 курс студенттері, сондай-ақ магистранттары мен докторанттары үшін академиялық ұтқырлық шеңберінде өндірістік практикадан өтуге конкурс жарияланады.

 

Орындар саны-9.

Талап:

- "Фармация", "ФӨТ"мамандығының студенттері, магистранттары, докторанттары;

- GPA: 3,0-ден төмен емес;

- ағылшын тілін білу, В1-ден төмен емес;

- жоғары қарым-қатынас дағдылары;

- командада жұмыс істей білу;

- тәртіптік жазаның болмауы.

 Құжаттар тізімі:

- Шетелге шығатын ҚР азаматының сауалнамасы (нысан бойынша);

- Өтініш (нысан бойынша);

- Келісім (нысан бойынша);

- Тіл білімін растайтын сертификат;

- Ұсыныс хат;

- Жеке оқу жоспарының көшірмесі;

- Транскрипт;

- Төлқұжаттың көшірмесі;

- Фото 4 дана (3х4);

- Медициналық анықтама 072ф.

 Құжаттарды тапсыру мерзімі 15 қараша 2024 жыл.

 Толық ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне жолығыңуызды сұраймыз (327 каб.) немесе эл.мекен-жайы: international@qmu.kz