Жаңалықтар

Құрметті әріптестер, оқытушылар, ардагерлер мен студенттер!
Құрметті әріптестер, оқытушылар, ардагерлер мен студенттер!
21 June 2026
Құрметті әріптестер, оқытушылар, ардагерлер мен студенттер!
Сіздерді біздің басты кәсіби мерекеміз - Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
         
Медицина - бұл жай ғана жұмыс пен мамандық емес. 
Бұл - тағдыр! 
          Бұл - толықтай қайсарлықты, сезімтал жүректі және болат жігерді талап ететін саналы таңдау мен жауапты қызмет.
Қарағанды медицина университетінің қабырғасында біз күн сайын бұл  қуатты сезімнің қалай туатынын көріп жүрміз.
    Медициналық бауырластықтың бір бөлігі болу - үлкен мақтаныш және зор жауапкершілік.
Сіздер күрделі, бірақ ең игі жолды таңдадыңыздар. Сіздердің әрқайсыларыңыз күн сайын алдыңғы қатарда - операциялық бөлмеде, дәріс залында, науқастың төсегінде тұрасыздар. 
Сіздер басқаның ауырсынуын мойныңызға алып, науқас адамдарға үміт сыйлайсыздар. Сіздер өз тәжірибелеріңізді өскелең ұрпақпен бөлісіп, лайықты ауысым дайындап жүрсіздер!
Құрметті ардагерлерімізге ерекше алғыс! Шексіз шыдамдылықтарыңыз бен даналықтарыңыз үшін рахмет! 
Сіздер бүгінде дәрігерліктің мәнін: адамға деген сүйіспеншілікті, дәрігерлік этиканы және өмір үшін соңына дейін күресуді ұқыптылықпен, қолдан-қолға жеткізуді жалғастырып келесіздер. Сіздер біздің медицинамыздың болашағына зор үлес қосып жүрсіздер. Бұл - баға жетпес ерен еңбек.
Осы мереке күні сіздердің әрқайсыларыңызға мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық пен жақсылық тілеймін. Жауапты да маңызды жұмыс сіздерге қуаныш пен лайықты құрмет әкелсін.
Мереке құтты болсын!


 
«ҚМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы - Ректор
Б.Н. Көшерова

9

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 15.06.2026
Жарияланды: 20.05.2026