Жаңалықтар

РЖА академигі, профессор Р.Х. Бегайдарова лейшманиоз бойынша халықаралық қатысумен өткен І ұлттық конференцияда 1-орын иеленді
РЖА академигі, профессор Р.Х. Бегайдарова лейшманиоз бойынша халықаралық қатысумен өткен І ұлттық конференцияда 1-орын иеленді
3 November 2026

2026 жылғы 23–24 қазанда Әзербайжан Республикасының Баку қаласында халықаралық қатысумен лейшманиоз бойынша І ұлттық конференция өтті.

Аталған конференция эпидемиология және инфекциялық аурулар саласындағы жүздеген жетекші мамандарды, сондай-ақ Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Түркия және Пәкістан елдерінен келген тәжірибелік дәрігерлерді біріктірді.

Конференцияның алғашқы күні Баку санитариялық-эпидемиологиялық университетінде өтті. Университет директоры конференция қатысушыларын лейшманиозды диагностикалауға арналған зерттеулер жүргізілетін зертханамен таныстырды. Конференция аясында лейшманиоздың өзекті мәселелеріне арналған баяндамалар ұсынылып, науқастарды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері қарастырылды, сондай-ақ күрделі клиникалық жағдайлар талқыланды. Конференция әртүрлі елдердің мамандары арасында кәсіби пікір алмасу, тәжірибе бөлісу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаң болды.

Лейшманиоздар – негізінен ішкі ағзалардың (висцералды лейшманиоз) немесе терінің (тері лейшманиозы) зақымдануымен сипатталатын, дене қызуының көтерілуі, спленомегалия және анемияның дамуымен жүретін протозойлық трансмиссивті аурулар.

Тері лейшманиозы табиғи-ошақты, трансмиссивті ауруларға жатады және Қазақстан Республикасында негізінен Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында кездеседі.

Конференцияның соңында үздік баяндамалар мен жарияланған тезистер авторларын марапаттау рәсімі өтті.

Байқау қорытындысы бойынша 1-орын РЖА академигі, медицина ғылымдарының докторы, Петр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университетінің жұқпалы аурулар және балалар инфекциялары кафедрасының профессоры Бегайдарова Розалия Хасановнаға берілді.

Конференция соңында қатысушылар Баку қаласының көрікті жерлерімен танысып, мұражайға, ел тәуелсіздігі үшін күрескен шейіттер аллеясына және басқа да мәдени-тарихи нысандарға барды.







18

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 25.10.2026
Жарияланды: 05.10.2026
.
Жарияланды: 01.10.2026
.