Жаңалықтар
Қарағанды қаласының №3 емханасында кішкентай пациенттерге арналған маңызды медициналық акция өтті. 2026 жылғы 30 қазанда Петр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университеті КеАҚ педиатрия және неонатология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қала бүлдіршіндеріне көшпелі қабылдау жүргізді.Медициналық топ құрамында кафедра меңгерушісі, профессор Г. К. Алшынбекова, сондай-ақ профессорлар А. Б. Күзгібекова, Г. Г. Еремичева және С. Б. Дюсенова болды.
Акцияның негізгі мақсаты – балаларға мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, ауруларды және олардың даму қаупі факторларын уақтылы анықтау.Қабылдау барысында мамандар кішкентай пациенттерге қосымша тексерулер мен ем жүргізу қажеттілігін анықтап, ата-аналарға балалардың денсаулығын сақтау және нығайту мәселелері бойынша жан-жақты кеңес берді.