Жаңалықтар

ҚР Республика күні
ҚР Республика күні
25 October 2026

Құрметті әріптестер, оқытушылар, қызметкерлер мен студенттер!

 Сіздерді еліміздің ең басты мемлекеттік мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Республика күні - бұл егемендік жолындағы тарихи қадамды білдіретін, халқымыздың бірлігін, сан ғасырлық даналығы мен мызғымас рухын бейнелейтін ерекше мереке. Ол әрқайсымызға Отанымыздың болашағы үшін ең жоғары жауапкершілікті, бейбіт өмірді, келісімді және ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың маңыздылығын еске салады.

  Мықты, тәуелсіз және гүлденген мемлекет құру салауатты ұлтсыз, озық ғылымсыз және сапалы білімсіз мүмкін емес. Петр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университеті отандық денсаулық сақтау, жоғары білім беру, ғылым жүйесін дамытуға және Қазақстан Республикасын нығайтуға күн сайын үлесін қосып, өзінің игі миссиясын мақтанышпен атқарып келеді.

Бірегей тәжірибе беретін әрбір оқытушымыз, ғылыми жаңалықтар жасайтын әрбір ғалым, дәрігерлік шеберліктің шыңына ұмтылатын әрбір қызметкер мен әрбір студент - бәріміз бірге еліміздің денсаулық сақтау, жоғары білім және ғылым жүйесінің сенімді іргетасын қалаймыз. Біз өз ісімізге деген адалдық, жоғары кәсібилік пен мейірімділік арқылы мықты, өзін-өзі қамтамасыз ететін Қазақстанды құрып жатырмыз.

Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, амандық пен жақсылық, жаңа табыстар тілеймін! Отанымыз гүлдене берсін, ал әрбір үйде бақыт, келісім және ертеңгі күнге деген сенім салтанат құрсын!

Басқарма Төрағасы - Ректор
"Петр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университеті"  КеАҚ
Б.Н. Көшерова

91

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 25.10.2026
Жарияланды: 05.10.2026
.
Жарияланды: 01.10.2026
.