Жаңалықтар

Нұрқали Нургуль Қасымқызы – «Түркі халықтарының үздік студенті» халықаралық байқауының жеңімпазы!
Нұрқали Нургуль Қасымқызы – «Түркі халықтарының үздік студенті» халықаралық байқауының жеңімпазы!
3 November 2026

2026 жылғы 31 қазанда Астана қаласында «Жаңа дәуір жастары: мүмкіндіктер мен міндеттер» атты халықаралық форум өтті. Маңызды халықаралық басқосу аясында «Түркі халықтарының үздік студенті» халықаралық конкурсының салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

Аталған конкурсқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей және Үндістан мемлекеттерінен келген білімді де дарынды жастар қатысып, өздерінің академиялық жетістіктері мен ғылыми әлеуетін таныстырды.

Байқау нәтижесі бойынша «Педиатрия» білім беру бағдарламасының 2-курс резиденті Нұрқали Нургуль Қасымқызы «Түркі халықтарының үздік студенті» құрметті атағына және I дәрежелі дипломға ие болды.

Ғылыми және кәсіби жетістіктері

2025–2026 жылдар аралығында Нұрқали Нургуль Қасымқызы оқу, ғылыми-зерттеу және кәсіби қызмет бағыттарында белсенділік танытып, бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткізді.

Конкурстық жетістігі:

2025 жылдың сәуір айында Қарағанды қаласында өткен «Территория неотложных состояний» атты университетішілік байқауда III орын иеленіп, өзінің кәсіби дайындығы мен білімін көрсетті.

Ғылыми-зерттеу қызметі:

Ғылыми ізденістерге деген қызығушылығының нәтижесінде 2025–2026 жылдары РИНЦ базасына енгізілген ғылыми басылымдарда 2 мақаласы жарық көрді. Сонымен қатар халықаралық конференциялардың электрондық ғылыми жинақтарында 2 ғылыми мақаласы жарияланды.

Ғылыми және кәсіби іс-шараларға қатысуы:

Резидент ғылыми ортадағы белсенділігін арттырып, отандық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференциялар мен кәсіби іс-шараларға тұрақты түрде қатысып келеді. Атап айтқанда:

2026 жыл:

«Гематолог ХХ века» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы – Алматы қаласы;

XIII Республикалық ғылыми-практикалық конференция, халықаралық қатысумен «Cardionext. От сердца к сердцу: кардиология в действии» – Астана қаласы;

VII Халықаралық «Гастроэнтерология – 2026» конгресі – Астана қаласы;

ҚР ҰҒА академигі Р.С. Кузденбаева атындағы XIX халықаралық «Человек и Лекарство – Казахстан» конгресі – Қарағанды қаласы.

2025 жыл:

«Лабораторная диагностика и клиническая практика в эпоху высоких технологий: опыт и перспективы» халықаралық қатысумен өткен ғылыми-практикалық конференциясы – Астана қаласы;

«Современные вопросы педиатрии и детской хирургии: опыт, инновации и достижения» халықаралық қатысумен өткен ғылыми-практикалық конференциясы және «Молодой исследователь: вызовы и перспективы развития современной педиатрии и детской хирургии» жас ғалымдар мектебі – Алматы қаласы;

ALMATY INFECTOLOGY–2025 «Инфекционные болезни: новый взгляд на старую проблему» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы – Алматы қаласы;

«Актуальные проблемы диагностики и лечения респираторной патологии» халықаралық қатысумен өткен ғылыми-практикалық конференциясы – Алматы қаласы.

Нұрқали Нургуль Қасымқызының ғылыми ізденістері мен кәсіби қалыптасуында ғылыми жетекшілерінің еңбегі ерекше. Атап айтқанда, оның ғылыми және кәсіби жетістіктері Педиатрия және неонатология кафедрасының меңгерушісі, профессор Алшынбекова Гульшарбат Канагатовнаның, «Педиатрия» білім беру бағдарламасының жетекшісі, профессор Ерёмичева Галина Георгиевнаның, сондай-ақ қауымдастырылған профессор Жумаканова Камшат Сериккановнаның жетекшілігімен жүзеге асырылды.



14

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 25.10.2026
Жарияланды: 05.10.2026
.
Жарияланды: 01.10.2026
.