Жаңалықтар

Университетінің негізін қалаушысынан оның атындағы университетке
Университетінің негізін қалаушысынан оның атындағы университетке
29 October 2026

Қарағанды медицина университетіне оның негізін қалаушы, бірінші ректор Пётр Моисеевич Поспеловтың есімі берілді.

Салтанатты рәсімге Қарағанды облысының әкімі, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, құрылтай депутаттары, Денсаулық сақтау ардагерлері, Медициналық және ғылыми қоғам өкілдері, барша Қазақстан мен шет елдердің студенттері қатысты.

- Қарағанды Поспелов үшін туған қалаға айналды, ал қазақстандық медицинаны дамыту - өмір бойғы іс.

- Пётр Моисеевичтің қол жеткізген ең басты жетістігі - жай ғана медициналық институт емес, бүгінгі таңда дамып келе жатқан нағыз дәрігерлер, ғалымдар мен оқытушылар мектебін құру, - деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.




Пётр Моисеевич 25 жылға жуық уақыт бойы өзінің табандылығының, мақсаткерлігінің және сол кезеңдегі денсаулық сақтау мәселелері мен проблемаларын терең түсінуінің арқасында ашылған жоғары оқу орнын басқарды.

- Университетке Пётр Моисеевич Поспелов есімін беру - бұл үлкен құрмет және зор жауапкершілік. Ол қалыптастырған дәстүрлерді сақтау, медицина ғылымын дамыту және денсаулық сақтау жүйесі үшін мамандарды сапалы даярлау оның ісінің жалғасы болуы тиіс, - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.




Поспеловтің өңірдегі медициналық білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі өте зор.

- 10 жыл бойы Пётр Поспелов денсаулық сақтау басқармасын басқарды және басты мәселелердің бірі ұлттық кадрларды даярлау болғанын түсінді. Ол Қарағандыда медициналық институт ашу үшін көп күш салды. Жоғары оқу орнын 24 жылдан астам уақыт үздіксіз басқарған. Сонымен қатар, ауылдық елді мекендерді білікті дәрігерлермен қамтамасыз ету үшін ауыл тұрғындарына ерекше көңіл бөлді. Егер 1950 жылы бүкіл Қарағанды облысында үш жүзден астам дәрігерлер арасында небәрі сегіз қазақ дәрігер болса, Поспелов басшылық еткен жылдары университет екі мыңнан астам қазақ дәрігерлерін даярлады. Бұл жалпы түлектер санының үштен бірі. Бұл ретте Пётр Моисеевич өзі терең интернационалдық рухта өмір сүрген жерді құрметтеудің жеке үлгісін көрсетті. Ол қазақ тілін үйренді және көп ұзамай жергілікті тұрғындармен олардың ана тілінде еркін сөйлесіп, халықтың терең құрметіне ие болды, - деп атап өтті Петр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Бақыт Нұрғалиқызы Көшерова.




- Пётр Моисеевич Поспелов - Қарағанды облысының денсаулық сақтау жүйесінің негізін қалаушылардың бірі. Ең қиын жылдары ол облыстық денсаулық сақтау басқармасын басқарып, өңірге өз медициналық кадрлары қаншалықты қажет екенін жақсы түсінді. Ол облысты дәрігерлермен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін Қарағанды медицина институтының ашылуына табандылықпен ұмтылды. Содан кейін медициналық білім беруді дамыту үшін көп жұмыс жасады. Поспеловтің атын университетке беру туралы шешім әділетті. Бұл институ құру кезеңінде оның бастауында тұрған адам туралы естелікті сақтауға нақты мүмкіндік, -деді Петр Поспелов атындағы Қарағанды медициналық университетінің Директорлар кеңесінің төрағасы Қанат Ермекбаев.




- Бұл күні ол туралы көптеген шынайы естеліктер айтылды. Әсіресе, Пётр Моисеевич Поспеловтің көзін көрген, оның тәрбиесін алған ардагерлердің сөзі өте әсерлі болды.














89

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 25.10.2026
Жарияланды: 05.10.2026
.
Жарияланды: 01.10.2026
.