Жаңалықтар
Құрметті тыл ардагерлері мен еңбеккерлері!
Қадірлі әріптестер!
Сіздерді ұлы мереке - Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
9 мамыр - ұрпақты біріктіретін күн, ерен ерліктің, төзімділіктің және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символы. Медициналық қоғамдастық өкілдері үшін бұл күн ерекше мәнге ие. Ұлы Отан соғысы жылдарында дәрігерлер орасан зор ерліктер жасады.
Біз әріптестеріміздің есімдерін мақтанышпен еске аламыз - соғыс алаңдарында және тыл госпитальдерінде жауынгерлерді қатарға қайтара отырып, әрбір өмір үшін күрескендер, сондай-ақ соғыстан кейін біздің жоғары оқу орнымыздың іргетасын қалап, білімдерін ғана емес, темір тәртіпті, борышқа адалдық пен адамгершілікті де жеткізгендер - университет ардагерлері.
Бүгінде жеңімпаздар ұрпағының алдында жастарды нағыз патриотизм мен қоғамға адал қызмет ету үлгісінде тәрбиелеу - біздің парызымыз.
Құрметті ардагерлер! Сіздердің өнегелі өмір және еңбек жолдарыңыз - болашақ дәрігерлер үшін басты бағыт.
Құрметті әріптестер!Сіздерге мықты денсаулық, отбастаррыңызға амандық пен баянды бақыт тілеймін!
ҚМУ КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры
Б.Н. Көшерова