Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орайластырылған Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі нейрохирургия саласындағы жүздеген жетекші отандық мамандарды, ел өңірлерінің дәрігерлерін, сондай-ақ резиденттер мен жас мамандарды біріктірді.
Конгресс шеңберінде нейрохирургиялық қызметті дамытудың өзекті мәселелері, нейрохирургиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері бойынша баяндамалар ұсынылып, күрделі клиникалық жағдайлар, өңірлік нейрохирургияны дамыту перспективалары және практикалық денсаулық сақтауға жаңа технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.
Конгресс кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және еліміздің түрлі өңірлерінен келген мамандар арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаңға айналды.
