Жаңалықтар

Қарағанды медициналық университетінің «Жұлдыз» жастар денсаулық орталығының еріктілері өңірде үздік деп танылды
Қарағанды медициналық университетінің «Жұлдыз» жастар денсаулық орталығының еріктілері өңірде үздік деп танылды
13 March 2026

Қарағанды медициналық университетінің «Жұлдыз» жастар денсаулық орталығының еріктілері өңірде үздік деп танылды. Жастар «Мейірім бастауы» аталымында жеңімпаз атанып, облыстық еріктілер форумында Қарағанды облысы әкімінің қолынан сыйлық алды.

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-да қоғамдық денсаулықты сақтауға және еріктілік мәдениетін дамытуға мүдделі әлеуметтік белсенді студенттерді біріктіретін «Жұлдыз» жастар денсаулық орталығының волонтерлік қозғалысы жұмыс істейді. Оның қызметінің негізгі бағыттары — салауатты өмір салтын насихаттау, аурулар мен қауіпті мінез-құлықтың алдын алу, халықтың медициналық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ жастардың әлеуметтік жауапкершілігін және өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыру.

Орталық волонтерлері мектеп оқушыларына, студенттерге және жергілікті қоғамдастық өкілдеріне арналған ақпараттық-ағартушылық акцияларды, тақырыптық кездесулерді, семинарларды, тренингтерді және интерактивті іс-шараларды ұйымдастыруға әрі өткізуге қатысады. Олар аурулардың алдын алу, физикалық және психикалық денсаулықты сақтау, зиянды әдеттерден бас тарту және жауапты мінез-құлық туралы білімді қолжетімді түрде таратады. Жастармен тікелей өзара іс-қимыл жасауға, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға және денсаулықты сақтаудың практикалық дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

«Жұлдыз» волонтерлік орталығының қызметі студенттерге алған медициналық білімдерін тәжірибеде қолдануға, көшбасшылық және коммуникативтік дағдыларын дамытуға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге қатысуға мүмкіндік береді. Университеттен тыс ортада халық пен жастарға арналған іс-шаралардың өткізілуі «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-ның білім таратуға, профилактикалық денсаулық сақтауды дамытуға және университеттің білім беру және әлеуметтік миссиясын кампус шеңберінен тыс кеңейтуге қосқан үлесін растайды.


Суреттерді түсірген Жангелді ӘбдІғалым
480

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 25.10.2026
Жарияланды: 05.10.2026
.
Жарияланды: 01.10.2026
.