Жаңалықтар

Болашаққа бағдар: саналы таңдау — табыс кепілі
Болашаққа бағдар: саналы таңдау — табыс кепілі
21 April 2026

Қоғамдық денсаулық мектебі мен морфология кафедрасының қызметкерлері – Шинтаева Н.У., Карибжанова Р.Т., Жаналина Г.А., Нүкештаева К.Е. және Болатова Ж.Е. – Қарағанды облысы білім басқармасының «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ оқушылары үшін кешенді кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

Іс-шара аясында жоғары оқу орнының аумағы бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар оқу орнының қалыптасу және даму кезеңдері, оның көрнекті жетістіктері мен маңызды тұлғалары туралы мәлімет алып тарихи музейді тамашалады. Ерекше қызығушылық анатомиялық музейге ауды, онда оқушылар денсаулық сақтау саласындағы болашақ кәсіби қызметпен тікелей байланысты бірегей экспонаттармен танысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл медициналық мамандықтардың ерекшеліктерін тереңірек түсінуге және оларға деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға жоғары оқу орнына түсу және білім алу мүмкіндіктері, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы даму перспективалары туралы жан-жақты ақпарат беру, сондай-ақ болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу.

12

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.04.2026
Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026