Жаңалықтар

Дзюдодан облыс чемпионаты
Дзюдодан облыс чемпионаты
15 November 2023

2023 жылғы 27 қазанда Қарағанды қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы облыс чемпионаты өтті. «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ командасынан 9 студент қатысты: Ашықбай Гүлмира, 4006 ЖМ тобы (салмақ санаты - 48кг), Исенова Қымбат, 4029 ЖМ тобы (салмақ санаты - 52кг), Нұрпейіс Айбота, 3005 ТФП тобы (салмақ санаты-57 кг), Исахова Аяулым, 2011 ЖМ тобы (салмақ санаты-70 кг), Баскар Бибінур, 4019 ЖМ тобы (салмақ санаты – 78 кг), Қырықбай Камилла, 2002 БМ тобы (салмақ санаты +78 кг), Нұрғали Бекжан, 2002 ОМ тобы (салмақ санаты – 66 кг), Жұмабаев Нұрым, 2002 ЖМ тобы (салмақ санаты – 66 кг), Кенжеев Бекмурад, резидентура мектебі (салмақ дәрежесі – 100 кг). Турнирге барлығы 89 қатысушы қатысты.

Университеттің барлық спортшылары финалға сәтті өтті, бірақ Ашықбай Гүлмира ғана алтын алды. Ерлер бәрі лайықты күрес көрсетті. Кенжеев Бекмурад ең қиын 2 жекпе-жек өткізіп, қола медаль үшін жекпе-жекте Қарағанды облысының спортшысынан жеңіліп, жарысты турнир кестесінің бесінші орнында аяқтады.

Қатысушыларды құттықтаймыз, одан әрі табыс тілейміз!

Физикалық денсаулық орталығы


215

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.04.2026
Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026