Жаңалықтар

Сәтті қорғау
Сәтті қорғау
29 June 2026
2026 жылдың 25 маусым айында «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Мейіргерлік ғылым» білім беру бағдарламалары бойынша «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ жанындағы диссертациялық кеңесте 8D10101 – «Мейіргерлік ғылым» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Байтуганова Айжан Нуржановнаның диссертациясы сәтті қорғалды.
Диссертация тақырыбы: «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек жағдайында балалардағы тыныс алу ағзалары аурулары кезінде мейіргерлік көмектің моделін әзірлеу».
Ғылыми кеңесшілер:
Жаксылыкова Гульнар Адильхановна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Астана медицина университеті» КеАҚ, «Мейіргер ісі» кафедрасы, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
Салтабаева Улбосын Шералиевна – PhD, қауымдастырылған профессор, «Мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі, «Астана медицина университеті» КеАҚ, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
Jūratė Macijauskienė (Юрате Мацияускене) – PhD, профессор, Сенат Төрағасы, Мейіргер ісі факультетінің деканы, Литва Медициналық ғылымдар университеті, Каунас қ., Литва Республикасы.
Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша диссертациялық кеңес Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне Байтуганова Айжан Нуржановнаға философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы өтінішхат жолдау жөнінде шешім қабылдады.
Диссертациялық кеңес докторантты және ғылыми кеңесшілерді диссертацияның сәтті қорғалуымен шын жүректен құттықтайды және алдағы уақытта жаңа ғылыми жетістіктерге, кәсіби табыстарға және ғылым жолындағы жаңа белестерге жете беруіне тілектестік білдіреді!
77

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 06.07.2026
.
Жарияланды: 29.06.2026
Жарияланды: 29.06.2026
Жарияланды: 15.06.2026