Жаңалықтар

Медицина болашағына қосылған үлес: резиденттердің халықаралық конференцияға сәтті қатысуы
Медицина болашағына қосылған үлес: резиденттердің халықаралық конференцияға сәтті қатысуы
9 June 2026
2026 жылғы 29–31 мамыр аралығында Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) Ресей диализ қоғамының (РДҚ) ұйымдастыруымен XXI Жалпыресейлік РДҚ конференциясы, XXV Солтүстік-Батыс нефрологиялық мектебі және XXVII Халықаралық нефрология мектебі-семинары аясында ғылыми-білім беру іс-шараларының кешені өтті.
Аталған іс-шара нефрология саласындағы жетекші халықаралық алаңдардың бірі болып табылады және созылмалы бүйрек ауруы, бүйрек алмастырушы терапия, трансплантация және әртүрлі медициналық мамандықтардың өзара ықпалдастығы мәселелерімен айналысатын мамандарды біріктіреді.
Конференция аясында алдын ала рецензиялау мен тезистерді іріктеу нәтижелері бойынша ұсынылған постерлік баяндамалар байқауы өткізілді. Көптеген өтінімдердің ішінен байқау бағдарламасына небәрі бес постерлік баяндама іріктеліп алынды.
Қарағанды медицина университетінің «Бүйрек зақымдануымен жүретін IgG4-ассоциацияланған ауру: клиникалық жағдай» тақырыбындағы жұмысын «Нефрология (ересектер, балалар)» білім беру бағдарламасының 1-курс резиденті Ілес Ғ.А. таныстырды. Ғылыми жетекшісі – Ішкі аурулар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Бачева И.В.
Зерттеу тезистері Ресей Федерациясының Жоғары аттестаттау комиссиясының (ВАК) тізбесіне енгізілген, РИНЦ дерекқорында тіркелген және Web of Science платформасының Russian Science Citation Index базасында индекстелетін «Нефрология және диализ» ғылыми журналында жариялауға қабылданды.



136

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 15.06.2026
Жарияланды: 20.05.2026