Жаңалықтар

Н.К.Дюсембаеваның серіктес ЖОО-да академиялық ұтқырлықты өткізу
Н.К.Дюсембаеваның серіктес ЖОО-да  академиялық ұтқырлықты өткізу
12 November 2024

«Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ мен С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті арасындағы ынтымақтастық Меморандумы аясында «ҚМУ» КеАҚ клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының ассоцияланған профессоры Дюсембаева Найля Камашевна 2024 жылғы 28 қазан мен 8 қараша аралығында оқытушылардың ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша болды.

«С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ клиникалық фармакология кафедрасы ішкі аурулар университеттік клиникасында орналасқан. Кафедрада студенттер, интерндер, сабақтас пәндердің резиденттері, магистранттар мен докторанттар оқытылады. Клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі, м.ғ.д., профессор Рахимов Кайролла Дюсенбаевичпен кездесуде резидентурада кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері, сондай-ақ дербестендірілген медицина жүргізу үшін фармакогенетикалық зерттеулер жүргізуге арналған кафедра қызметкерлерінің ғылыми бағыттары талқыланды.

Бірінші және екінші оқу жылының резиденттері үшін Найля Камашевна «Клиникалық фармакология» резидентурасының білім беру бағдарламасына сәйкес «Клиникалық фармакология (клиникалық фармакологияның жалпы мәселелері және жекелеген топтар мен препараттардың клиникалық-фармакологиялық сипаттамасы). Формулярлық жүйе», сондай-ақ «ДЗ клиникалық зерттеулерінің әртүрлі түрлерін жүргізу кезеңдері. Дербестендірілген фармакотерапия (емдік дәрілік мониторинг, фармакогенетика)» сияқты пәндер шеңберінде бірқатар дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізді.

Профессор, м.ғ.д. Нургожин Талгат Сейтжановичтің әртүрлі патологиясы бар науқастарды дербестендірілген емдеуді таңдау үшін дәрілік заттар топтарын талдай отырып, тәжірибелік фармакокинетика бойынша резиденттерге арналған дәрістеріне қатысты.

Ассоцияланған профессор Н.К.Дюсембаева ҚР ҰҒА академигі, профессор Раиса Салмагамбетовна Кузденбаеваның төрағалығымен Алматы қ. клиникалық фармакологтар қауымдастығының отырысына қатысты. Отырыста тәжірибелік денсаулық сақтау мекемелерінде клиникалық фармакология және ауруханалық фармация бөлімдерін ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар белсенді қатысып, «С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ клиникалық фармакология кафедрасының ассоцияланған профессоры Ералиева Бибихан Абдалиевна мен «Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының ассоцияланған профессоры Дюсембаева Найля Камашевнаның толық жауаптарын алды.

Жалпы академиялық ұтқырлық өте белсенді және жемісті өтті, мұндай сапарлар медициналық университеттердің оқытушылары арасында педагогикалық және клиникалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді, бұл болашақ медицина мамандарын даярлау сапасын арттыру мақсатында одан әрі ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

607

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.04.2026
Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026