Жаңалықтар
2024 жылғы 8 қарашада Қарағанды медицина университетінде 6D110100-Медицина білім беру бағдарламасы бойынша «Маусымдық аллергиялық аурулары бар науқастарда аллергенге тән иммунотерапия тиімділігінің биомаркерлері» тақырыбында Марина Рашидовна Измайлович философия докторы (PhD) дәрежесін алуға арналған диссертация қорғады.
Отырысқа диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері қатысты: м.ғ.д., аллергология, иммунология, гематология және эндокринология курстарымен балалар аурулары кафедрасының профессоры, «АМУ» КеАҚ, Астана қ. Розенсон Рафаил Иосифович; м.ғ.к., «ҚМУ» КеАҚ ғылыми-зерттеу зертханасының аға ғылыми қызметкері, Қарағанды қ. Ахмалддинова Людмила Леонидовна; м.ғ.к., С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ. Битанова Эльмира Женысхановна.
Ғылыми консультанттар:
Газалиева Меруерт Арстановна – м.ғ.д., профессор, «АМУ» клиникалық жұмыстар жөніндегі проректор, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
Глушкова Наталья Егоровна – PhD, қауымдастырылған профессор, эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының профессоры м.а., Әль-Фараби атындағы Қаз ҰУ Денсаулық ҒЗИ директоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Ахвледиани Лейла Темуровна – м.ғ.к., профессор, Батум Халықаралық Университетінің БАУ Медицина және денсаулық сақтау ғылымы мектебінің деканы, Батуми қ., Грузия.
Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша диссертациялық кеңес ҚР Ғ және ЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы өтініш білдірді.