Жаңалықтар

Рақымжан Қошқарбаевқа - 100 жыл: Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ
Рақымжан Қошқарбаевқа - 100 жыл:   Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ
16 October 2024
Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысында ерен ерлігімен көзге түскен, Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың туған күніне орай 2024 жылдың 16 қазан күні Әлеуметтік-саяси пәндер және Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Малыбаева Бану Сакеновна “Медицина-1-018” тобы студенттерімен кураторлық сағат өткізді.
Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Целиноград ауданында туған. 1942 жылы әскерге алынған. Деректерге қарағанда, 1944 жылы қазан айынан бастап 1-Беларусь майданындағы Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында 150-ші взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатысқан. 1945 жылы 30 сәуірде лейтенант Рақымжан Қошқарбаев, жауынгер Григорий Булатов екеуі Совет әскері арасынан Берлиндегі Рейхстагқа бірінші болып Жеңіс туын тікті.
Сұрапыл соғыс жылдарында Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі көп жылдар бойы еленбей келген. Тек 2007 жылдың 7 мамырында Ресейдің Әскери тарих институты 1-ші Беларус майданындағы 150-ші атқыштар дивизиясының лейтенанты Рақымжан Қошқарбаевтың және Григорий Булатовтың 1945 жылдың 30 сәуірінде Рейхстагқа ту тіккені туралы тарихи оқиғаны ресми түрде растады. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1999 жылы Рақымжан Қошқарбаевқа Халық Қаһарманы атағы беріледі.
“Рақымжан Қошқарбаевтың өмір жолы ұрпаққа өнеге, ерлігі ешқашан ұмытылмайды”, - деген қорытынды кураторлық сағат соңында жасалды.
693

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.04.2026
Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026