Жаңалықтар

Санкт-Петербург қаласында өткен медициналық микробиология, клиникалық микология және иммунология бойынша X Бүкілресейлік конгреске
Санкт-Петербург қаласында өткен медициналық микробиология, клиникалық микология және иммунология бойынша X Бүкілресейлік конгреске
25 June 2026
2026 жылғы маусым айында Биомедицина кафедрасының ассистент-профессоры Николаева А.Б. Санкт-Петербург қаласында өткен медициналық микробиология, клиникалық микология және иммунология бойынша X Бүкілресейлік конгреске (XXIX Кашкин оқулары, Ресей) қатысып, инфекциялық асқынулардың дамуындағы микробиотаның этиологиялық рөлі мен микроорганизмдердің биоүлбір түзу белсенділігіне арналған ауызша баяндама жасады.
Конгресс барысында ресейлік әріптестермен инфекциялық аурулар қоздырғыштарының антимикробтық әсерлерге жүре пайда болған төзімділік мәселелері талқыланды. Микробтық қауымдастықтарға тиімді ықпал ету, оларды бейтараптандыру және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту жолдары жөнінде ғылыми пікірталастар жүргізілді. Алынған тәжірибе «Биомедицина», «Стоматология», «Фармация» және «Медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттерге микробиология пәнін оқыту барысында пайдалануға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ресейлік әріптестермен бірлескен ғылыми жарияланымдар дайындау жоспарланды.
Ғылыми ақпарат алу, тәжірибе алмасу ғана емес, сонымен қатар жаңа бірлескен бағдарламаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін осы конгреске қатысу мүмкіндігін ұсынғаны үшін университет әкімшілігіне ерекше алғысымды білдіргім келеді.
120

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 06.07.2026
.
Жарияланды: 29.06.2026
Жарияланды: 29.06.2026
Жарияланды: 15.06.2026