Жаңалықтар

Тарихи күн
Тарихи күн
20 April 2026
2026 жылдың 9 сәуірінде Қарағанды медицина университетінде Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы мен «Күретамыр» тарихи-өлкетану үйірмесінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде өтті.
Аталған конференцияға Қарағанды, Астана, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай және Тараз қалаларынан келген студенттер онлайн және оффлайн форматта қатысып, өз ғылыми зерттеулерін ортаға салды. Қатысушылар үшін университет бойынша арнайы экскурсия ұйымдастырылып, Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы дайындаған мазмұнды кітап көрмесі ұсынылды.
Пленарлық отырыс барысында университет басшылығы мен арнайы шақырылған қонақтар сөз сөйлеп, Әлихан Бөкейханның тарихи мұрасы мен оның ұлттық санадағы орнының маңыздылығын ерекше атап өтті. Баяндамаларда қайраткердің тұлғасы, саяси көзқарастары мен ел дамуына қосқан үлесі жан-жақты талданды
Секциялық отырыстарда Алаш зиялыларының мұрасы, сондай-ақ медицинаның әлеуметтік және философиялық мәселелері кеңінен талқыланып, мазмұнды пікір алмасу өтті.
Іс-шара қорытындысында үздік баяндамалар марапатталып, конференция ғылыми ой-пікір алмасуға мүмкіндік берген, мазмұны терең әрі тағылымы мол маңызды алаң ретінде жоғары бағаланды







35

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.04.2026
Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026