Жаңалықтар

Вакцинацияның өзекті мәселелері және вакцинаға аллергиялық реакциялар
Вакцинацияның өзекті мәселелері және вакцинаға аллергиялық реакциялар
8 May 2026

Вакцинацияның өзекті мәселелері және вакцинаға аллергиялық реакциялар

 

2026 жылғы 27 сәуірде жыл сайынғы Иммундау апталығы аясында ішкі аурулар кафедрасы Облыстық аллергологиялық орталық «DiVera»-мен бірлесіп, иммунопрофилактиканың өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараның ұйымдастырушылары ассоцирленген профессор М.Р. Измайлович, профессор ассистенттері О.Ю. Дедова және Б.С. Қошқарбаева.

Іс-шара вакцинацияның заманауи аспектілерін талқылауға, тәжірибе алмасуға, ғылыми көзқарастар мен практикалық ұсынымдарды бөлісуге арналған тиімді алаңға айналды. Дөңгелек үстелдің мақсаты медициналық қоғамдастық пен халық арасында вакцинацияның профилактикалық медицинаның негізгі аспектісі ретінде маңыздылығы туралы хабарлықты арттыру болды. Әртүрлі елдерде бірнеше жұқпалы аурулардың таралуының артуы және антивакцинаның да артуын ескере отырып, болашақ медицина мамандары арасында берік ғылыми негізді дамыту және иммундаудың қоғамдық рөлін түсіну ерекше маңызды.

Дөңгелек үстел жұмысына кафедраның иммунологиялық бөлімшесінің профессорлық-оқытушылық құрамы, «Аллергология және иммунология» мамандығының резиденттері, 6-010, 6-011, 6-041 ЖМ топтарының интерн-студенттері, 4-009 ЖМ тобының студенттері, сондай-ақ Облыстық аллергологиялық «DiVera» орталығының дәрігерлері де қатысты.

Дөңгелек үстел аясында келесі баяндамалар ұсынылды:

1.   1-курс резиденті А. Мұратқызы - «Заманауи вакциналар: құрамы, жіктелуі және иммундық жауаптың ерекшеліктері».

2.   1-курс резиденттері А.С. Қабылдина, З.М. Сейілхан - «Иммундық жауаптың бұзылыстары және аллергиялық аурулары бар пациенттердегі профилактикалық вакцинацияның ерекшеліктері».

3.   1-курс резиденті М.О. Ыхласова - «Вакцина компоненттеріне аллергиялық реакциялар: реакция түрлері және қарсы көрсетілімдер».

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар халықты ақпараттандыруда медициналық қауымдастықтың белсенді қатысуы, иммунопрофилактика саласындағы білім беру бастамаларын кеңейту және осы бағыттағы ғылыми зерттеулерді қолдау қажеттігі жөнінде ортақ пікірге келді.

Өткізілген дөңгелек үстел кафедраның вакцинация мәдениетін қалыптастыруға қосқан маңызды үлесі болды және студенттердің, резиденттердің және медицина мамандарының иммунопрофилактика саласындағы қазіргі заманғы мәселелерді талқылауға деген жоғары қызығушылығын көрсетті.



39

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 09.05.2026
.
Жарияланды: 07.05.2026
.
Жарияланды: 06.05.2026
Жарияланды: 01.05.2026
.
Жарияланды: 20.04.2026