Жаңалықтар
2023 жылғы 15-20 қазанда, Ішкі аурулар кафедрасының ассистент-профессоры- Измайлович Марина Рашидовна «Open Medical Institute» курсы аясында, Вейл Корнелдің Дерматология бойынша, 14-ші Зальцбург семинарында (Австрия, Зальцбург) оқудан өтті, оған 24 елден 35 Халықаралық стипендиат қатысты.
«Open Medical Institute» - академиялық сарапшылардың қатысуымен медицина саласындағы халықаралық тәжірибе алмасуға ықпал ететін бірегей бағдарлама, бұл әртүрлі мәдениеттегі дәрігерлер арасындағы ұзақ мерзімді достық пен ынтымақтастыққа әкеледі.
АҚШ пен Австрияның жоғары деңгейлі дерматологтары 26 дәрістің толық бағдарламасын құрастырды, онда олар тері функцияларына, терінің иммундық және жүйке жүйесімен өзара әрекеттесуіне, аутоиммунды буллезды аурулар, дәрілік аллергияны диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістеріне шолу жасады. Ең бастысы-кең таралған және сирек кездесетін тері ауруларының алдын алу мен емдеудің жаңа құралдары мен әдістері туралы соңғы мәліметтер талқыланды. Әсіресе, Терапевтикалвқ аурулардың терідегі белгілері және химиотерапия мен қатерлі ісікке қарсы иммунотерапияның теріге жағымсыз әсерлері, сондай-ақ осы көріністерді емдеу тәсілдері қарастырылды.
Оқудан басқа, стипендиаттар Австрия мәдениетін, атап айтқанда Зальцбургтің көрікті жерлерін, мұражайларын және Аренберг сарайындағы жеке камералық музыка концертін тамашалауға мүмкіндік алды. «Open Medical Institute» бүкіл әлем бойынша медицрналық қызмет көрсету деңгейін көтереді және әлемдік медицинаның бірлігіне ықпал етеді.