Жаңалықтар
Қарағанды медицина университетінде «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының түлектеріне диплом табыстау салтанатты рәсімдері өтті.
Биыл дипломдар бакалавриаттың 4-курс (4+1) және 5-курс (5+1) түлектеріне Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры сахнасында салтанатты түрде табысталды.
Ал университеттің акт залында «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының интернатурасының 7-курс түлектеріне дипломдар тапсырылды.
Түлектерімізді оқуын сәтті аяқтауымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге кәсіби жолдарыңызда толағай табыс, үздіксіз даму, қызметтеріңізге сәттілік және алғысқа толы емделушілер тілейміз.
Университетте алған білімдеріңіз, жинақтаған тәжірибелеріңіз және кәсіби жетілуге деген ұмтылыстарыңыз дәрігерлік қызметтеріңіздің берік іргетасына айналсын.
Әрқайсыларыңыз дәрігер деген абыройлы атаққа лайық болып, халық денсаулығы жолында адал қызмет етулеріңізге тілектеспіз.
Ақ жол!